Accessibility links

Иранда “ұлттық қауіпсіздікке қарсы әрекет етті” деген айыппен ғалым тұтқындалды


Иранның барлау министрлігі “ұлттық қауіпсіздікке қарсы әрекет етті” деген айыппен Иран-Американдық ғалымы Халеһ Есфандияриді тұтқындады. Бұл туралы Иран соты хабарлады. Сот баспасөз-хатшысы Алиреза Жамшидинің айтуынша, осы мәселеге байланысты тергеу ісі жүріп жатыр. Вашингтондағы Халықаралық Удроу Уилсон орталығының Таяу Шығыс бағдарламасының директоры Есфандияри мамырдың 8-і күні Теһрандағы абақтыға жеткізілген. Ал оның алдында билік орындары Есфандияридің елден шығуына рұқсат бермеген тұғын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG