Accessibility links

Алматыда БҰҰ-ның Азия және Тынық мұқиты аймағына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссияның 63-ші сессиясы басталды


Мамырдың 15-і күні Алматыда басталған БҰҰ-ның аса ірі аймақтық комиисиясы болып саналатын Азия және Тынық мұқиты аймағына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссия яғни ЭСКАТО-ның осымен 63-ші сессиясына БҰҰ-ның бас хатшысының орынбасары, ЭСКАТО-ның атқарушы директоры Ким Хак Су бастаған БҰҰ –ның өкілдері және ЭСКАТО-ға мүше мемлекеттердің басшылары мен министрлері бар 400 ден астам делегаттар қатысып отыр.

Жиынға қатысушылар ең әуелі ЭСКАТО-ның 63-ші сессиясы шеңберінде теңізге шығар жолы жоқ, ең төменгі деңгейде дамыған және дамушы елдердің арнаулы органының 8-ші мәжілісін өткізді. Осы мәжілісті ашып сөз сөйлеген БҰҰ-ның бас хатшысының орынбасары, ЭСКАТО-ның атқарушы директоры Ким Хук Су мырза мәжілісте негізгі екі басты мәселенің яғни ЭСКАТО-ға мүше елдердің энергетика саласындағы ынытмақтастығы мәселесі мен халықаралық көші-қон мәселесінің жағдайы талқыланатындығын айтты.

Азия және Тынық мұқиты жағалауы елдерінің көбі ең төменгі деңгейде дамыған не дамушы елдер болып саналатындықтан осы елдер үшін энергия көздерін пайдалану мәселесі шектеулі жағдайда қалып отыр тіптен кейбір кедей тұрғындар бұндай мүмкіндіктерге қолдарын жеткізе алмауда, сондықтан осы күрделі әрі қиын мәселені шешу үшін энергетика саласында барлығымыз бірлесіп бір ынтымақтастыққа баруымыз қажет болмақ деді Ким Хук Су мырза.

Ал Қазақстанның көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов энергия қуат көздері әлемдегі кедейшілікті азайтуда маңызды рөл атқаратындығын айтты. Ол сондай ақ Орталық Азия аймағында аймақтық энергетикалық инфрақұрылымды құру мәселесінің маңызды екендігін тілге тиек етіп, бұл мәселеде аймақ елдерінің қолдарында мүмкіндіктердің бар екендігін атады.

Ең төменгі деңгейде дамыған және дамушы елдер мен теңізге шығар жолы жоқ елддерде энергетика мәселесінен кейінгі тағы бір үлкен проблема ол көші-қон мәселесі болып тұр деді БҰҰ-ның бас хатшысынң орынбасары Ким Хук Су мырза. Оның айтуынша 2005-шы жылдың жағдайымен Азия және Тынық мұқиты жағалауы елдерінен сыртқа көшіп кеткен мигранттар саны 65 миллиондай адам болған. Бұл сол уақытта әлемде орын алған барлық мигранттардың үштен бірін құрайды деді ол.

Ал Қазақстанның көлік және комуникация министрі С.Ахметов Қазақстанда экономикалық дамудың жоғары болуы сырттан мигранттардың осы елге қарай ағылуына апрып отыр әсіресе Қазақстанмен көршілес Орталық Азия елдерінен көптеп еңбек және заңсыз мигранттары келіп жатыр бұл мәселеге Қазақстан үкіметі мән беріп ,үлкен көңіл бөліп отыр деді ол.

Азия және Тынық мұқиты елдерінің экономикалық және әлеуметтік дамуына және олардың өзара және үшінші бір елдермен ынтымақтастығына ықпал жасау мақсатын көздейтін ЭСКАТО комиссиясы 1947-ші жылы құрылыпты. Биыл бұл аймақтық ірі комиссияға 60 жыл толып отыр.
XS
SM
MD
LG