Accessibility links

Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы жаңа арнаулы өкілі тағайындалды


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ының Бас хатшысы Бан Ки-Мун өзінің Таяу Шығыс аймағындағы жаңа арнаулы өкілі етіп Макл Уильямсты тағайындады. Ол жайында Бан Ки-мун Қауіпсіздік Кеңесіне жолдаған хатында хабарлады. Ағылшын Майкл Уильямс – осыған дейін Камбоджия мен бұрынғы Югославиядағы Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті қорғау миссиясының жетекшісі сынды жоғары лауазымды қызметтерін атқарды. Ол осы айдың басында қызметінен кеткен Альваро де Сотоның орнына тағайындалып отыр.
XS
SM
MD
LG