Accessibility links

Николя Саркози – Францияның жаңа президенті


ПАРИЖ: Бүгін Парижде Николя Саркозидің Франция президенті міндетіне кірісу салтанаты өтіп жатыр. Кеше соңғы 12 жыл бойы Францияның президенті болған Жак Ширак халыққа арнап сөз сөйледі. Ол елдің жарқын болашағына сенім білдіріп, францұз халқын бірлікке шақырды. “Француз республиканың жаңа президенті Н.Саркозидің елді жарқын болашаққа қарай жетелеуді қалайтынын мен білемін. Менің барлық тілегім – ол осы ниетіне жетсін және осындай ең маңызды миссиясын абыроймен орындасын!” - деп мәлімдеді Ж.Ширак.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG