Accessibility links

Кемінде 4 адам қаза болған қақтығыстан кейін Палестинадағы 2 бақталас топ бітімге келді


РАМАЛЛА: Палестинадағы бақталас “Хамас” ұйымы мен ФАТХ қозғалысы өзара қақтығыстан кейін бітімге келу туралы уағдаласты. Газа аймағында болған соңғы қақтығыстың салдарынан кемінде 4 адам оққа ұшып, тағы 15-тей кісі жараланды. Тараптар Мысырдың дәнекер болуымен өткен келіссөздің нәтижесінде бітімге келді. Палестина халқы жаңа жоспар бойынша Газа аймағына таяуда Палестина полициясын орналастырған соң, жаппай тәртіпсіздікті ауыздықтап, ФАТХ қозғалысы мен “Хамас” ұйымы арасындағы тіке-тіресті жояды деп үміттенген еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG