Accessibility links

Армениядағы парламент сайлауында билік партиялары жеңіске жетті


ЕРЕВАН: Армениядағы сенбі күні болып өткен парламент сайлауының бастапқы қорытындысы бойынша, армян премьер-министрі Серж Саркисян бастаған “ресейшіл” Республикалық партия басым дауысқа ие болды. Республикалық партия парламенттегі 40 пайызға жуық орынға, билікке жақын тағы 2 саяси партия 1/3 дауысқа ие болатын түрі бар. Оппозициялық партиялардың өкілдері наразылық шеруін өткізді. Бірақ Батыс елдерінің бақылаушылары алдыңғысына қарағанда, бұл сайлаудың негізінен демократияға сай өткенін атап көрсетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG