Accessibility links

Иран мен АҚШ-тың ресми өкілдері Ирақтың қауіпсіздігі проблемасын талдайды


ВАШИНГТОН-ТЕҺРАН: АҚШ пен Иранның арасындағы келіссөз бірнеше аптадан кейін Бағдад қаласында өтеді. Бұл – ширек ғасырдай уақыттан кейінгі 2 елдің арасындағы санаулы келіссөздің бірі болмақшы. Келіссөздің болатынын, алдымен, Иран жағы хабарлады. Оның артынша Ақ үйдің ресми өкілі Гордон Джондрой ресми Теһранмен арадағы келіссөздің барысында Ирақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі сөз болатынын мәлімдеді. Ирақтың сыртқы істер министрі Хашияр Зибари бұл келіссөзді ықыласпен қабылдады.
XS
SM
MD
LG