Accessibility links

Францияның жаңа президенті қызметінің бірінші күні Берлинге ұшады


ПАРИЖ: Бүгін Парижде Николя Саркозидің Франция президенті міндетіне кірісу салтанаты - инаугурациясы болып өтті. Соңғы 12 жыл бойы Францияның президенті болған 74 жастағы Жак Ширак кеше халыққа арнаған сөзінде елдің жарқын болашағына сенім білдіріп, францұз халқын бірлікке шақырды. Н.Саркози Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесу үшін бүгін Берлинге ұшып шығуға тиіс. Еуропа Одағының болашағы – екі жақты келіссөздің басты тақырыбы болмақшы.
XS
SM
MD
LG