Accessibility links

Адам хұқтары тобы БҰҰ-нан Беларустың ұсынысын қабылдамауды сұрайды


Human Rights Wattch ұйымы Беларус елінің БҰҰ-ның адам хұқтары кеңесіне мүше болуға түсіріп отырған ұсынысын қабылдамауды талап етуде. Аталған ұйымның сәрсенбі күні жарық көрген мәлімдемесінде Беларуста адам хұқтары аяққа тапталып отырғандығы, БҰҰ-ның бұл мемлекетпен бірлесіп жұмыс істеуден бас тартуына себеп бола алады деп атап көрсетілген. Шығыс Европа аймақтық тобынан БҰҰ адам хұқтары кеңесіндегі екі орыннан үш ел - Босния-Герцоговина, Словения және Беларус үмітті.
XS
SM
MD
LG