Accessibility links

Евродақ Сербияға қатысты келіссөздерді жуық арада қайта бастайды


Евродақ егер Сербия соғыс қылмыскерлері деп күдіктелгендерді тұтқындауға құлшыныс білдіретін болса, келіссөздер жақын арада қайта жаңғыртылады дейді. Бұл жөнінде Евродақтың кеңеюі жөніндегі комиссары Олли Рен Сербия парламенті жасақталағн үкімет құрамын мақұлдағаннан кейін мәлімдеді. Сөз болып отырған тұрақтылық және қауымдастық келісімдері, демек Евродаққа мүше болуы жолындағы алғашқы қадам, 2006 жылы Сербия босния-серб геноциді үшін жауапты делінетін Радко Младичті ұстап бере алмаған соң тоқтап қалған болатын. Олли Рен бүгін Белградта Сербия жетекшілерімен кездеседі.
XS
SM
MD
LG