Accessibility links

Газа аймағындағы қақтығыстарда кемінде 25 адам құрбан болды


Кеше Палестинадағы “Хамас” ұйымының қарулы тобы мен Фатх қозғалысы арасында қарулы қақтығыстар одан әрі жалғасты, Газадағы көше шайқастарында 20 адам мерт болған. Кейбір хабарларға қарағанда, Газа қаласындағы медиа орталықта 50-дей журналист қалып қалған. Бұл қарулы қақтығыстар Хамас пен Фатх тобының арасында екі айдан бері жалғасып келе жатқан коалициялық үкімет жасақтау келісімдеріне қауіп төндіреді дейді шенеуніктер. Ал бұл аралықта Палестина көтерілісшілері Израилдың оңтүстігін зымыранмен атқылаған соң, Израил Газадағы бүлікшілерге қарсы әуе шабуылдарын жасады.
XS
SM
MD
LG