Accessibility links

Пол Вулфовицтің тағдыры талқылану үстінде


Дүниежүзілік банктің директорлар кеңесі банк президентінің тағдырын шешу турасында бүгін тағы да кездеседі. Әлемдік банк президенті Пол Вулфовицке өзімен жақын қарым-қатынастағы келіншектің қызмет баспалдағы бойынша өсіп, жалақысының жоғары болуына ықпал етті деген айыптар тағылып, оның іс-әрекеті сынға алынуда. Пол Вулфовиц болса мұндай айыптауларды жоққа шығарады, өзінің ешқандай ережені бұзбағанын, заңнан аттамағанын айтып, қорғануда. Әлемдік банк президентінің адвокаты Рейтерс агенттігіне берген сұхбатында істің анық-қанығы толық айқын болмайынша Вулфовиц қызметінен кетпейді деген. Бұған дейінгі кейбір ақпаратта Әлемдік банк президенті қызметінен кету келісімдерін жасасуға әзір делінген болатын.
XS
SM
MD
LG