Accessibility links

Орта Азия саммиті Путин үшін Еуропа одағымен кездесуі алдындағы бедел жинау болып отыр


Өткен аптада Ресей президенті Владимир Путин қағаз жүзінде болса да, үлкен іске қол жеткізгендей болды. Демек, Ресей бірнеше жылдар бойы табиғи газды әлемдегі ең ірі экспорттаушы ел болмақшы. Қол жеткізілген жоспар бойынша, Түркмен және қазақ табиғи газын Ресей арқылы Еуропаға шығару үшін жаңа мұнай құбырлары салынып, ескілері жаңаланатын болды.

Ресей президенті Владимир Путин, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Түркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов мамырдың 12-сі күні Каспий теңізі жағалауындағы Түркменбашы қаласында бас қосты. Мұның өзі содан бір күн бұрын Польшаның Краков қаласында болған жоғарғы дәрежелі кездесуге көлеңкесін түсірген болатын. Орта Азияда болған бұл кездесу соңында үш президент өз үкіметтеріне Каспий жағалауы арқылы Ресейге қарай жаңа құбыр тартуға нұсқау бергендерін мәлімдеді. Қабылданған арнайы қарарда көрсетілгеніндей, бұл жаңа газ құбырына байланысты келісім-шартқа осы жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін қол қойылмақшы. Және оны жүзеге асыру 2008-ші жылдың екінші жартысында басталмақшы.

Өзбек президенті Ислам Каримов алдын-ала қол қойып қойған екінші қарарда көрсетілгеніндей, үш президент ескі қос газ құбырын қайта жаңғыртуға келісті. Оның бірімен Түркмен газы Өзбекстан және Қазақстан арқылы Ресейге жеткізілетін болады. Ол құбырлармен айдалатын газ көлемі қазіргі 50 миллиард текше метрден 90-ға жететін болады, дейді Ресей ресмилері.

Мамырдың 19-күні Путин мырза Германия канцлері Ангела Меркельмен және Еуропа одағының басқа да басшыларымен кездеспекші. Одақ елдерінің тұтынып отырған мұнай және газының шамамен төрттен бір бөлігін Ресей қамтамасыз етіп отыр. Бұл көрсеткіш алдағы онжылдықтарда одан әрі өсе түспекші. Оның үстіне газ бағасына байланысты Мәскеу мен ресми Киев арасында дау-дамай туындаған кезде энергия қауіпсіздігі Еуропа одағы үшін ең басты мәселеге айналған болатын. Орта Азия табиғи газын сатып алып, оны Еуропаға жаңа бағамен сатып отырған Ресей үшін Украйна негізгі жол болып отыр.

Энергия хартиясы деген атпен белгілі болған халықаралық келісімге Ресейдің қол қоюын Брюссель табанды түрде сұрап келеді. Ол бойынша Ресей өз жеріндегі көмірқышқыл газына және оның экспорттық құбырларына шетелдік инвесторларды кең түрде жіберуі тиіс.

Бұл ұсыныс Ресей қызығушылығына қайшы келеді, деп Путин хартияға қол қоймай келеді. Ресейдің мұндай әрекеттерін айналып өту үшін, Еуропа одағы Орталық Азия елдерінің табиғи газына қол жеткізу үшін тікелей жолдар іздестіруде. Ал, Құрама Штаттар болса, Түркменстанның жаңа басшылығымен тіл табысуға Еуропа одағын шақырып отыр.

Егер Каспий теңізі арқылы өтетін құбырмен табиғи газдарын айдауға келіссе, онда Орта Азия елдерінің әрбір мың текше метр газын шамамен 300 доллардан сата алатындығын ресми Уашингтон айтуда. Мұның өзі Ресейдің қазір жасап отырған төлемақысынан үш есе қымбат деген сөз. Ал, Ресей энергетика ресмилері болса, өткен аптада Түркменстанда қол жеткізілген келісімдер АҚШ-тың қолдауындағы жобалар тағдырына нүкте қойды, деді. Бердімұхамедов мырза болса Каспий арқылы өтетін газ құбыры жобасына бұлайша қарау-асығыстық болады, деді.

Егер Каспий құбыр консорциумы арқылы айдалатын мұнай көлемін қазіргі 30 миллион тоннадан 67-ге дейін көтеруге Ресей тарапы келіспесе, онда АҚШ-тың демеуіндегі жолдарды, оның ішінде Баку-Тблиси-Жейхан құбыры да бар, қолданатындығын айтып, Қазақстан көптен бері ескертіп келеді.
XS
SM
MD
LG