Accessibility links

Израиль әскері Газа секторында әуеден соққы берді


Палестиналық куәгерлердің айтуынша, "Хамас" тобы пайдаланатын үй қиратылды, кемінде екі адам өлтірілді, жиырмадан астам адам жарақат алды. Израиль мұның алдында Палестина тарапынан жасалған зымыран шабуылдарына қатаң тойтарыс береміз деп ескерткен. Ал Палестинаның бақталас "Хамас" және "Фатах" топтарының жанжалы одан ары жалғасты, бүгін бір адам атып өлтірілді. Бақталас топтардың басшылары – президент Махмұд Аббас пен бас министр Исмаил Ханияның бітім шарттарын талқылау кездесуі кейінге қалтырылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG