Accessibility links

Евродақ Әлемдік банкті Вулфовицтің мұрагерін тезірек анықтауға шақырады


Европа комиссиясы Вулфовицтің орнына банк президенті кім болатындығын мүмкіндігінше жылдам шешуге шақырды. Әлемдік банк президенті Пол Вулфовиц қызметінен 30 маусымда кететіндігін жариялаған еді. Вулфовиц банктің директорлар кеңесі тарапынан президент ретінде банкті басқару ережелерін бұзды, өзіне жақын қарым-қатынаста болған қызметкерге жеңілдіктер жасап, жалақысын өсірді деген қысымға ұшыраған болатын. Евродақ басшылығы Вулфовицтің қызметінен кетуіне себеп болған жай турасында ешнәрсе демейді.
XS
SM
MD
LG