Accessibility links

Армениядағы парламент сайлауында президентшіл партиялар жеңіске жетті


12 мамыр күні өткен сайлауда парламенттегі ең көп орынды президенттік партиялар иеленген. Алғашқы нәтижелердің өзі 131 орындық парламентте премьер-министр Серж Саркисянның республикандықтар партиясы 65 орынды алғандығын көрсетті. Саркисян президент Кочарянның таңдаулы мұрагері деп есептеледі. Екінші орында 25 орынды еншілеген Гүлденген Армения партиясы. Оппозициялық партияларға парламенттегі 16 орын тиді. Парламент сайлауы бір жағынан Армениядағы демократия деңгейіне сын болса, екіншіден ол 2008 жылы өтетін президентік сайлау алдындағы дайындық тәрізді бағаланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG