Accessibility links

Косово жетекшісі провинцияның тәуелсіздігі АҚШ пен Евродақтың мақұлдауын қажет етеді дейді


Косово премьер-министрі Агим Чеку француздың "Journal du Dimanche" басылымына берген сұхбатында егер Ресей қарсы болса, Косово провинциясының тәуелсіздігіне АҚШ пен Евродақ, БҰҰ басшылығының мақұлдауы да жеткілікті болады деп атап көрсеткен. БҰҰ-ның елшісі Марти Ахтисаари Косово провинциясына халықаралық бақылау аясындағы тәуелсіздік беру жоспарын ұсынған болатын. Бірақ бұл жоспар Сербия мен Ресей тарапынан қарсылыққа тап болса, АҚШ пен Евродақ және Косовоның албан жетекшілері оған қолдау танытқан.
XS
SM
MD
LG