Accessibility links

Израильдің әуе соққыларынан қаза тапқан палестиналықтардың саны өсіп барады


ТАЯУ ШЫҒЫС: Израиль Палестинадағы “Хамас” тобына қарсы Газа аймағына әуеден соққы беруін кеше және бүгін тағы жалғастырып, өткен сейсенбіден бері қаза тапқан палестиналықтардың саны 27-ге жетті. Егер өзінің оңтүстігін атқылау тиылмаса, онда Израиль Газадағы соғыс қимылдарын үдете түсуі мүмкін. Бүгін Израиль премьері Эхуд Ольмерт осылай деп мәлімдеді. Қорғаныс министрі Әмір Перец елдің оңтүстігіне “ерекше жағдай” орнатып, барлық билік армияның құзырына өтетінін білдірді. Ал палестиналық “Ислам джиһады” тобы егер Израиль армиясы Газаға басып кіретін болса, террористік шабуылдарды бастайтынын ескертті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG