Accessibility links

Ливанда соңғы ширек ғасырдағы ең ауыр шайқас болып өтті


БЕЙРУТ: Бүгін Ливанның солтүстігінде үкімет армиясы әскери патрульге шабуыл жасаған экстремистермен қақтығысып, соңғы мәлімет бойынша кем дегенде 5 жауынгер оққа ұшты. Одан бірнеше сағат бұрын Триполи қаласының маңындағы Палестина босқындарының лагерінде “Әл-Қаида” ұйымымен байланысы бар палестиналық “Фатх Әл-Ислам” тобының жасағымен арада кескілескен атыс болып, 3 жауынгер қаза тапты. Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, бұл шайқас ширек ғасырға жуық уақыттан кейінгі ең ауыр қақтығыс болды.
XS
SM
MD
LG