Accessibility links

Николас Саркози Түркияны Еуропа Одағына қабылдауға қарсы


Франция президенті Николас Саркози Түркияны Еуропа Одағына қабылдауға болмайды, Түркияға мүндай мүмкіншілік бермеу керек деген көзқарасымда қалып отырмын деді. Брюссель қаласында орналасқан Еуропа Комиссиясының бас кеңсесінде алғаш сапарында сөйлеген Николас Саркози бұл мәселені талқыламас бұрын Еуропа Одағының басқару мекемелерін реформалау қажет деді. Еуропа Одағы мен Түркия арасында одаққа қосылу келіссөзі 2005 жылы басталған. Францияның бұл келіссөзге қалай қарайтынын Николас Саркози айтпады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG