Accessibility links

Рахат Әлиевтің қайда екендігін ешкім білмейді


Соңғы тәуліктің ішінде түрлі ақпарат агенттіктері арқылы дүние жүзіне таратылған баспасөз-баянында Қазақстанның Австриядағы елшісі Рахат Әлиев баспасөз-мәслихатын өткіземін деп жариялаған еді. Біздің Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы бұлақтарымыз хабарлағандай, осы ұйымның Венадағы кеңсесінде әр аптаның бейсенбісінде ОБСЕ ұйымына мүше елдердің елшілері шақырылатын тұрақты комиссияның мәжілісіне бүгін Рахат Әлиев белгісіз бір себептермен қатыспаған. Ал «Азаттық» радиосының Венадағы арнаулы тілшісіне өз аттарын атамауды өтінген Қазақстан елшілігінің өкілдері Р.Әлиевтің ешқандай баспасөз мәслихатын өткізбейтіндігін айтқан. Және оның дәл қазіргі уақытта қайда екендігін білмейміз деген.
XS
SM
MD
LG