Accessibility links

Тайландтың экс-премьері Мәскеуде паспорты мен ақшасынан айрылды


МӘСКЕУ: Тайландтың үкіметтен қуылған экс-премьер-министрі Таксин Шиноватра Мәскеудің “Фаст фуд” мейрамханасында өзінің қол жүгінен айырылды. Ұрының қолында кеткен оның сөмкесінде төл паспорты, 8,7 мың долларға тең шетелдік валютасы және бейнекамерасы болған көрінеді. Таксиннің өкілі хабарлағандай, оның сөмкесі Ресейдің Плеханов атындағы экономика Академиясының “құрметті докторанты” мәртебесін алуының дәл қарсаңында ұрланыпты. Ресейдің сыртқы істер министрлігі экс-премьердің паспорты ұрланғанын растады.
XS
SM
MD
LG