Accessibility links

Ирақта қаза тапқан АҚШ жауынгерлерінің қатары өсіп барады


БАҒДАД: Ирақта тағы 6 АҚШ жауынгері қаза болды. АҚШ армиясы басшылығының хабарлауынша, 3 жауынгер Бағдадтағы жол бойына орнатылған миналарға жарылса, тағы 3 жауынгер Ирақтың орталық өлкелеріндегі тосын шабуылдардың құрбаны болды. АҚШ армиясы штаб бастықтарының бірлескен комитетінің бастығы Питер Пейстің хабарлауынша, Бағдадтың қауіпсіздігін нығайту мақсатындағы АҚШ-Ирақ күштерінің бірлескен операциясы басталғаннан бері бейбіт халықтың арасындағы адам шығыны едеуір азайды. Егер қаңтар айында 1400-ден астам адам қырылса, ақпанда 800, ал сәуірде – 500-ден сәл көп тұрғын қырылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG