Accessibility links

Украина президенті мен премьер-министрінің теке-тіресі жалғасты


КИЕВ: Украинадағы саяси күштердің теке-тіресінен туған дағдарыс әлі жалғасуда. Бүгін Украина президенті В.Ющенко ішкі істер министрлігінің әскерін басқаруды өз құзырына алып, тиесілі жарлыққа қол қойды. Одан бір күн бұрын президент өзінің жарлығымен Бас прокурор қызметінен босатылған С.Пискунды Бас прокуратура кеңсесінде қорғауға бұйрық берген ішкі істер министрі Василь Цушконы “заңды бұзды” деп айыптаған болатын. Таяу сағаттың ішінде В.Ющенко премьер-министр В.Януковичпен кезекті келіссөзін өткізуге тиіс. Киевте биліктегі коалицияның да, оппозицияның өкілдері митингі өткізуге жиналу үстінде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG