Accessibility links

Үстінен қылмыстық іс қозғалған Р.Әлиевтің қайда бас сауғалап жүргені белгісіз


АЛМАТЫ: Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың үлкен күйеу баласы Рахат Әлиевтің меншігіне жататын “КТК” телеарнасы мен “Караван” апталығының қызметі, Бас прокуратураның талабы бойынша, 3 айға тоқтатылды. Ал ішкі істер министрлігі “кісі ұрлады” деген айып бойынша Р.Әлиевтің өзіне қарсы қылмыстық іс қозғады. Бейсенбі күні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымның Венадағы отырысына Р.Әлиев келмеді. Қазақстанның Аустриядағы елшісі әрі аталған Еуропалық ұйымдағы өкілі болып табылатын Р.Әлиевтің қазір қайда жүргені белгісіз. Бүгін «Қазақстан тудей» агенттігі хабарлағандай, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі “КТК” телеарнасы мен “Караван” апталығының жабылуына наразылығын білдірді.
XS
SM
MD
LG