Accessibility links

Радикалды бағыттағы Ирақ шиттерінің басшысы Мұқтада Әл Садр көптен бері төбесін көрсетті


Ол ақпан айында Иранға қашып кетті деп айтылатын. Мұқтада Әл Садр 2004 жылы АҚШ әскеріне қарсы екі көтеріліс бастаған. Мұқтада Әл Садрдың жақтастары ол ешқайда қашпаған, шиитердің қасиетті қаласы Әл-Куфадан кетпеген дейді. Мұқтада Әл Садр Әл-Куфада жұма намазға қатысты, жақтастарына қайырылып, ел басып алған Америка Құрама Штаттарының әскері кету керек, Ирақ үкіметі оккупацияға шек қою керек деп үндеу айтты. АҚШ әкімшілігің өкілі Гордон Джондрой Ираннан оралған Мұқтада Әл Садр Ирақтағы жағдайға пайдасын тигізсе жөн деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG