Accessibility links

Ресей оппозициясының басшылары Ресей үкіметінің үстінен Адам құқықтары жөніндегі Еуропа сотына шағым түсірді


Шахмат бойынша бұрынғы әлем чемпионы Гарри Каспаров және Ресей оппозициясының басқада бір қатар тұлғасы Ресей үкіметінің үстінен Адам құқықтары жөніндегі Еуропа сотына шағым түсірді. Олар Мәскеуде 14 сәуірде демонстрация өткізгенде қамауға алындық, азаматтық көзқарасымызды білдіру құқығымыз шектелді, еркін жиналыс өткізу құқығымыз бұзылды дейді. Ресей оппозициясы президент Владимир Путин демократияға жол бөгеді деп айыптап, соңғы кезде бірнеше наразылық шарасын өткізді.
XS
SM
MD
LG