Accessibility links

Үндістанның мұнай мен газға және шайға бай Ассам штатында тағы да қастандық болды


ДЕЛИ: Үндістанның шығысындағы Ассам штатының астанасында жарылыс болып, 7 кісі қаза тапса, 18 адам жараланды. Бомба халық лық толған базарда іске қосылды. Ресми билік бұл қастандықты мұнай мен газға және шайға бай Ассам штатының “тәуелсіздігі” үшін 30 жылдай күресіп келе жатқан “Ассамды азат етудің біріккен майданы” тобы іске асырды деп есептейді. Осы уақыттың ішінде экстремистердің қолынан 20 мыңнан астам халық қырылды.
XS
SM
MD
LG