Accessibility links

Ресейде көмір шахтасындағы апаттың 34 құрбаны бүгін жерленді


НОВОКУЗНЕЦК: Бүгін Ресейдің Кемерево облысындағы шахтада болған апаттың құрбандарын аза тұтты. Бүгін қаза тапқан 34 кенші жерленді, қалған төртеуін ертең жерлейді. 24-інші мамыр күні Новокузнецк қаласының маңындағы “Юбилейный” көмір шахтасында метан газы жарылған болатын. Оның алдында ғана тағы да осы компанияның басқаруына қарайтын көрші көмір кенішінде де апат болып, одан 110-нан көп кенші құрбан болған еді. Кемерево облысының әкімі немесе губернаторы Аман Төлеевтің ИТАР-ТАСС агенттігіне мәлімдегендей, Ресейдің көмір өндірісіндегі апаттар мен адамның қазасы – осы саладағы дағдарыстың салдары.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG