Accessibility links

Иран қауіпсіздік министрлігі елде тыңшылар ұясын әшкереледік деп мәлімдеді


Кеше жарияланған мәлімдемеде тыңшылар ұясын Ирақты басып алған елдер ұйымдастырған делінді. Бұл жерде Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастары тұспалданып отыр. Иран министрлігі егжей-тегжейлі мәлімет ашпады, алдағы күндері көбірек ақпарат береміз деп қысқа қайырды. Иран Америка Құрама Штаттары мен Британия қауіпсіздігімізді бұзғысы келеді деп анда-санда айтып тұрады, бірақ осы жолғы мәлімдемеде ешбір мемлекет нақты аталмады.
XS
SM
MD
LG