Accessibility links

Ресей полициясы, гейлердің хұқын қорғаушы шерушілерді бүгін тұтқындады


Мәскеуде болған бұл шеруге қарсы наразылық шараларын өткізген ұлтшылдар болса, “гомосексуалистерге өлім келсін”, деп ұрандап, шерушілерді тепкілеп, сабады. Полиция 20 шақты гей шерушілерін тұтқындады. Олар Мәскеу мэрінің осы шерулерді өткізуге рұқсат беруін сұраған хатты тапсырмақшы болған екен. Ұлтшылдар мен Ресей діни өкілдері гомосексуалистерді “шайтан” деп атады. Сенбінің түнінде талибандықтармен шайқас барысында екі Ауған полициясы және 10 көтерілісші қаза болды, дейді Ауған полициясы. Қандағар аймағында болса талибандықтар полиция бекетіне шабуыл жасаған екен. Оған жауап оқ жаудырылған. НАТО күштерінің хабарлауынша, бүгін Талибан мен әл-Қайданың екі басшысы ұсталған.
XS
SM
MD
LG