Accessibility links

Канн кинофестивалінің бас жүлдесін румын фильмі жеңіп алды


КАНН: Францияның Канн қаласындағы 60-ыншы халықаралық кинофестивальдің бас жүлдесі – “Алтын пальма бұтағын” – “4 ай, 3 апта, 2 күн” атты румын көркем фильмі жеңіп алды. Кристиан Мунджиудің фильмі - коммунистік диктатура дәуіріндегі румын қоғамының қайғылы тарихын суреттейді. Кинофестивальдің қазылар алқасы “ең үздік әртіс” және “ең үздік әртіс әйел” жүлделерін Ресей кинорежиссері Андрей Звягинцевтің “Қудалау” фильмінде ойнаған Костя Лавроненко мен Ли Чан Донның “Жұмбақ сәуле” фильмінде ойнаған кәріс әйелі Ли Шин Э-ге берді. 60-ыншы Канн кинофестивалінің қорытындысы кеше шығарылды.
XS
SM
MD
LG