Accessibility links

АҚШ және Иран дипломаттары бүгін Бағдатта кездесті


Мұның өзі 30 жылдан бергі аралықта екі жақ арасында болған, жоғарғы дипломатиялық дәрежедегі, алғашқы кездесу еді. АҚШ және Иранның Ирақтағы елшілері Райан Крокер мен Хасан Каземи Құмидің арасындағы кездесу шынайы болды және тек қана Ирақтағы жағдайға арналды, дейді ресмилер. Ресми Уашингтон өзінің Ирақтағы және аймақтағы саясатын өзгерткенде ғана аталған сөйлесулер табысты болады, деген еді Иран Сыртқы істер министрі Манучир Моттаки бұрынырақ.
XS
SM
MD
LG