Accessibility links

Германия “Үлкен сегіздік” лидерлерінің саммиті қарсаңында қауіпсіздікті нығайтуда


ГАМБУРГ: Кеше Германияның Гамбург қаласында 2 күндік Азия-Еуропа кездесуі басталды. Азия елдерінің сыртқы істер министрлері мен Еуроодақтың өкілдері ғаламдық атмосфераның жылынуы проблемасын талқылайды. Осы күні Гамбургте ғаламдандыруға қарсы ұйымдардың 4 мыңдай белсендісі наразылық шеруін өткізіп, полициямен қақтығысты. Оларды қуып тарату үшін полиция су шашатын бранспойт пен резеңке сойылдарын қолданып, 24 адамды ұстады. Келесі аптада Балтық теңізі жағалауындағы Хайлигендамм курортында “Үлкен сегіздік” лидерлері саммитінің өтуіне байланысты Германия қауіпсіздік шараларын күшейтуде.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG