Accessibility links

Түркіменстанда С.Ниязовқа көзі тірісінде қойылған ескерткіштер жойыла бастады


АШХАБАД: Оппозициялық интернет басылымдарының хабарлауынша, Түркіменстанның шығысындағы Түркіменабад қаласындағы бұрынғы президент С.Ниязовқа орнатылған ескерткіштердің бірі бұзылды. “Хроника Туркменстана” сайтының мәліметі бойынша, осы қалада “Түркіменбасы” немесе “барлық түркіменнің атасы” деп аталған С.Ниязовтың портреттері әлдеқайда азайды. Түркіменстанда С.Ниязов ұзақ жылдар билік еткен кезеңде көзі тірісінде оған қаншама ескерткіш қойылып, оның есімі көшелерге, зауыттарға, тіпті Түркіменабат қаласына да берілді.
XS
SM
MD
LG