Accessibility links

Ауғанстанда қаза тапқан ағылшын жауынгерлерінің қатары 57-ге жетті


ЛОНДОН: Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі Ауғанстанда тағы бір жауынгерінің қаза тапқанын хабарлады. Министрліктің мәлімдемесінде әлгі жауынгердің оңтүстіктегі Гильменд өлкесінде қарсылас жақтың оғынан қаза тапқаны айтылады. Жұма күні осы Гильменд өлкесінде болған жарылыстан тағы бір ағылшын жауынгері көз жұмды. Осы екеуі – АҚШ бастаған күштердің Талибан билігін құлатқан 2001-інші жылдың қарашасынан бері құрбан болған ағылшын жауынгерлерінің 56-57-іншісі болып отыр.
XS
SM
MD
LG