Accessibility links

Ресей үкіметі Грузияның кейбір азаматтарына ғана виза бере бастады


ТБИЛИСИ: Ресей Грузия азаматтарына ақырындап виза бере бастады. Ресейдің Тбилисидегі елшісі Вячеслав Коваленко хабарлағандай, отбасының мүшелері Ресейде тұратын және Ресей азаматы болып табылатын, сондай-ақ Ресейде уақытша тұруға рұқсаты бар азаматтарға ғана виза беріледі. Грузин сыртқы істер министрі Гела Бежуашвили оны “екі жақа да тиімді шара” деп бағалады. Ресми Мәскеу виза беруді Тбилисиде “тыңшылық етті” деп айыпталған бір топ орыс офицері тұтқындалған 2006-ншы жылдың қыркүйегінде тоқтатқан болатын.
XS
SM
MD
LG