Accessibility links

Ресей КГБ-нің бұрынғы агентін Ұлыбританияға ешқашан бермейді


МӘСКЕУ: Ұлыбританияның Мәскеудегі елшісі Энтони Брентон КГБ-нің және Федералдық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы агенті, кәсіпкер Андрей Луговойды өзіне табыс ету туралы ағылшын прокуратурасының сұрауын тапсырып, Ресейдің Бас прокуратурасы оны қабылдап алғанын растады. Ағылшын прокуратурасы А.Луговойға КГБ-нің тағы бір бұрынғы офицері А.Литвиненконың өткен жылы уланып өлген ісі бойынша айып тағуға дайын. Ресми Мәскеу Ресей конституциясы бойынша А.Луговойдың Ұлыбританияға берілмейтінін мәлімдеп үлгерді. Луговойдың өзі кісі өліміне қатысы жоқтығын мәлімдейді.
XS
SM
MD
LG