Accessibility links

Иран мен АҚШ-тың Ирақтағы елшілері өзара тағы да кездесуі мүмкін


БАҒДАД: АҚШ-тың Ирақтағы елшісі Райан Крокер Иранның елшісі Хасан Каземи-Қумимен арадағы келіссөзін “салмақты” деп бағалады. Оның айтуынша, келіссөздің барысында АҚШ жағы Ираннан Ирақтағы шийт жасақтарын қолдаудан бас тартуын табанды түрде талап еткен. Р.Крокердің сөзіне қарағанда, Иран жағының тағы бір бас қосу өткізуді сұрауы әбден мүмкін. Екі елшінің Бағдадтағы келіссөзі 4 сағат жалғасып, Ирақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасы ғана талқыланды. Х.Каземи-Қуми келіссөздің барысында “оң қадам жасалғанын” атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG