Accessibility links

Оппозиция президент Назарбаевтың әулетіндегі жанжал мұқият тергелсін деп үндеу айтты


Қазақстан оппозициясы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әулетінде орын алып отырған жанжал билік басындағы заңсыздықтан мүмкін болды, жанжалға қатысы бар оқиғалардың барлығы мұқият тергелсін деп үндеу айтты. Жалпыұлттық Социал-Демократиялық партия бүгін жасаған мәлімдемесінде ел элитасы заңға бағынбайды, өз бейресми ережелерін ғана біледі, осыдан туындайтын жанжалдар ел тұрақтылығына қауіп төндіреді деп айтты. Қазақстан президентімен жанжалдасып отырған күйеу баласы, Австриядағы бұрынғы елші Рахат Әлиев елге оралмаймын деп мәлімдеді. Рахат Әлиев адам ұрлатты, адам өміріне қауіп төндірді деген іс тергеліп жатыр.
XS
SM
MD
LG