Accessibility links

НАТО күштерінің оғына ұшқан 6 адам – тәліптер ме әлде бейбіт тұрғындар ма - белгісіз


КАБУЛ: Ауғанстандағы АҚШ бастаған коалициялық күштердің хабарлауынша, бүгін ауған армиясы мен коалициялық күштердің шығыстағы Нангархар облысына бірге жасаған шабуылы барысында 6 тәліптің көзі жойылды. Алайда жергілікті тұрғындардың мәлімдегеніндей, оққа ұшқандардың барлығы да бейбіт тұрғындар болып шықты. Бірақ бұл жайтты растайтын бейтарап ақпарат көзі болмай тұр. Сонымен қатар бүгін оңтүстіктегі Урузган облысындағы жол бойына қойылған бомбаның жарылысынан 4 полицей қаза тапса, сейсенбі күні Гильменд облысында 2 күзетшіні өлтіріп кетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG