Accessibility links

Украинадағы кезектен тыс парламет сайлауы 30-ыншы қыркүйекте өтеді


КИЕВ: Бүгін Украина парламенті – Жоғарғы Рада – пікірталасты доғарып, 30-ыншы қыркүйек күні кезектен тыс парламент сайлауын өткізуге мүмкіндік беретін заң жобаларын дауысқа салуға тиіс. Өткен жексенбі күні президент В.Ющенко мен премьер-министр В.Янукович өз араларындағы саяси қарсылықты қойып, кезектен тыс сайлауды күзде өткізуге келіскен болатын. Президент Жоғарғы Раданы тарату жөніндегі жарлығын 2 күнге – 29-30-ыншы мамырға – тоқтатып, парламентарийлерді әлгі заң жобаларын қабылдауға көндірді.
XS
SM
MD
LG