Accessibility links

Ирақтағы 5 ағылшынды “Әл-Маһди армиясы” тобы ұрлап кеткенге көбірек ұқсайды


БАҒДАД: Ирақтың сыртқы істер министрі Хошьяр Зибаридің мәлімдеуінше, Бағдадтағы 5 ағылшынды ұрлап алып кеткен қылмысты шийттердің қарулы құрамасы істегенге көбірек ұқсайды. Сейсенбі күні полицейше киінген қарақшылар Бағдадтағы қаржы министрлігінің септей орталығынан 5 ағылшын азаматын ұстап алып кетті. Кісі ұрлауды көрген министрлік шенеунектерінің хабарлауынша, қарақшыларды майор шеніндегі адам бастап келді. Х.Зибари Бағдад маңайында әрекет ететін “Әл-Маһди армиясы” тобынан күдіктенетінін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG