Accessibility links

Жетекші елдердің лидерлері өзекті халықаралық проблемаларды талқылайды


ПОТСДАМ: Әлемнің маңдайалды елдері басшыларының саммитіне әзірлену мәселесі бойынша “Үлкен сегіздік” елдерінің сыртқы істер министрлері бүгін Берлин түбіндегі Постдам қаласына жиналды. Саммиттің өзі 6-8-інші маусым күндері Германияның Хайлигендамм курортында өтеді. “Үлкен сегіздік” лидерлері ғаламдық ауа райының құбылуы проблемасын, Иранның ядролық бағдарламасын, Косовның келешек мәртебесін, Ауғанстан мен Суданың Дарфур өлкесіндегі ахуалды талқылайды. Потсдамға бір-бірін “Талибан” қозғалысын қолдайды” деп айыптайтын Ауғанстан мен Пәкістанның сыртқы істер министрлері де келді.
XS
SM
MD
LG