Accessibility links

Қазақстанның сыртқы істер вице-министрі бастаған шұғыл топ Аустриядан шығарылды


ВЕНА: Бүгін түнде Қазақстанның қауіпсіздік қызметі өкілдерінің шұғыл тобы Аустриядан қуылды. Ол туралы Қазақстанның Венадағы елшілігіндегі ақпарат көзін сілтеп көрсеткен және Р.Әлиев қадағалайтын “Қазақстан тудэй” агенттігі хабарлайды. Ақпарат көзінің хабарлауынша, “бұл топ Аустрия жерінде ресми билікті ескертпей шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізген, онысы дипломатиялық хаттаманы өрескел бұзу болып табылады”. Қазақстан елшілігіндегі ақпарат көзінің мәліметі бойынша, шұғыл топтың құрамында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Германия мен Англиядағы өкілдері, сондай-ақ Франкфурттегі консульдіктің тыңшы қызметкерлері болған”, “ол топты Қазақстанның сыртқы істер вице-министрі Қайрат Әбдірахманов бастап келген” көрінеді.
XS
SM
MD
LG