Accessibility links

Н.Назарбаев ең алғашқы on-line интернет-конференциясын өткізеді


АСТАНА: Қазақстанның электрондық үкіметінің сайтына сілтеме жасаған Қазақстан тудэй агенттігі хабарлағандай, 7-нші маусым күні президент Н.Назарбаев, Астана уақыты бойынша, таңғы сағат 10-нан 12-ге дейін on-line интернет-конференциясын өткізіп, оның барысында ең өзекті сауалдарға жауап береді. Оған қоса, интернет-конференцияға қатысушылар мен Интернет тұтынушыларына ұнаған сұрағына дауыс беріп, қызықты деген 30 сауалды анықтауға мүмкіндік беріледі. Электрондық үкіметтің сайтында берілген хабарға сәйкес, президентке қоятын сұрақты алдын-ала электрондық үкіметтің немесе Ақорда сайтына жолдауға болады. Сұрақтар 7-інші маусым күні сағат 12-ге дейін қабылданады. Интернет-конференцияның барысында жауапсыз қалған сауалдарға президент өзінің сайты арқылы 30 күннің ішінде жауап қайтарады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG