Accessibility links

Келіссөздер алдында Иран уран байытуды тоқтатпайтындығын мәлімдеді


Иран өзінің даулы ядролық бағдарламасына байланысты Батыстың басты талаптарымен келіспейтіндігін тағы да қайталады. Иран сыртқы істер министрінің баспасөз-хатшысы Мохаммед Әли Хусейни Батыс ядролық бомба жасауға қолданылуы мүмкін деп қорқатын уран байыту ісін Техран тоқтатпайды деп айтқан. Иран өзінің ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатқа бағытталғанын үнемі мәлімдеп келеді. Хусейни бұл сөздерді Иранның ядролық басты келісімгері Әли Ларижани мен Евродақтың сыртқы саясат жетекшісі Хавер Солананың Мадридтегі бүгінгі келіссөздерінен бірнеше сағат бұрын айтты.
XS
SM
MD
LG