Accessibility links

Газада ұрланған Би-Би-Си тілшісінің бейнетаспасы шықты


Наурыз айында Газада ұрланған Би-Би-Си тілшісі Алан Джонстонның бейнетаспасы шықты. Онда Алан Джонстон мені ұстап отырған адамдар маған жақсы қарауда деп мәлімдеді. Ол, сондай-ақ, Британия мен АҚШ үкіметтерін Ирақ пен Ауғанстандағы іс-әрекеттері үшін сынға алды. Бейнетаспаны журналист Джонстонды біз ұрладық деп айтқан Ислам тобы армиясы Интернет арқылы жариялады. Аталған топ түрмедегі мұсылмандарды, әсіресе “Әл-Қаидаға” қатысы бар деп күдіктелген Абу Қатаданы қамаудан босатуды талап етті. Британия премьер-министрі Тони Блэр журналист Алан Джонстонның аман-есен босатылуы үшін қолымыздан келгенше әрекет етіп жатырмыз деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG