Accessibility links

Австрияда Қазақстан президентінің күйеу баласы Рахат Әлиев қамауға алынды


Австрия полициясы жұма күні Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың үлкен күйеу баласы, Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевті тұтқындады. Австрияның ақпарат көздерінің хабарлауынша, ол шаштаразға барған жерінде ұсталған. Рахат Әлиевке Қазақстанда болған кезінде адам ұрлады, қылмыстық жүйеге қатысы болды деген айып тағылған болатын. Рахат Әлиев өзіне қарсы жасалған бұл шаралардың «саяси астары бар, өйткені мен 2012 жылы президентік сайлауға түсемін деп айтқан болатынмын» деген. Венада прокуратура өкілінің айтуына қарағанда 48 сағаттың ішінде шешім шыққанға дейін Әлиев қамауда болады. Прокуратура өкілі Вольфганф Свобода «Рахат Әлиевті Қазақстан жағына беру процесі тым күрделі, өйткені Қазақстан мен Австрия арасында екіжақты келісім жоқ. Бірақ бұл экстрадициялау мәселесі мүмкін емес деген сөз емес, дегенмен де ол Европа елдеріндегі сияқты оңай болмайды» деген.
XS
SM
MD
LG