Accessibility links

Шешенстан президенті Қазақстанға келді


Ресейшіл Шешенстан президенті Рамзан Қадыров бүгін Қазақстанға келді. Рамзан Қадыров Алматы әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесіп, екі жақты ынтымақтастық мәселесін талқылады. Қадыров, сондай-ақ, шешендердің диаспорасымен кездесті. Естеріңізге сала кетсек, наурыз айында Алматы облысында қазақтар мен шешендер төбелесіп, 3 адам қаза тапқан болатын. Қазақстанда ұлты шешен болған шамамен 30 мың азамат тұрады.
XS
SM
MD
LG